Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі есеп берді

Құрылыс, Қоғам, Ауыл шаруашылығы, Билік

21:23 3 Маусым 2021

Үстіміздегі жылдың басынан Ғ.Мүсірепов ауданында ауыл шаруашылығы саласында біраз жұмыс атқарылған. Соңғы 5 айдың ішінде агросекторда өндірілген өнім көлемі 3,6 млрд теңгеге дейін ұлғайыпты. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,8% көп екен. Өнімділік көрсеткішін одан әрі арттырып, жұмысты жеңілдету үшін заманауи техника қажет. Сондықтан, биыл 5,7 млрд теңгеге 200-ге жуық көлік сатып алу жоспарланған екен. Осы күні жоспардың 70 пайызы орындалған. Оң өзгерістердің бір парасын аудан әкімі жіпке тізді.

Ағзам Тастеміров – Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

-2 жылда ауданның ауыл шаруашылығы саласында 16 жоба іске асырылатын болады. Тартылған инвестицияның жалпы көлемі 12,5 млрд теңгені құрайды. Соның ішіндегі 7 жоба биыл жүзеге асырылмақ. Соның 4-уі – сүт-тауарлы кешен. Нысандардың біріне жауапты “Астық-Привольное” бүгінге дейін 640 басқа шақталған 2 базаның құрылысын аяқтап, оған 316 бас сиыр кіргізді.

Ғ.Мүсірепов ауданында 2020 жылы кентішілік жолдарды жөндеуге 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлініпті. Нәтижесінде 15 елді мекендегі көшелер қалыпқа келтірілген. Шаруа Новоишимсое селосында да тындырылды. Мұнда “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша 45 көше жөнделді. Биыл аталған жоба аясында 800 млн теңге бөлінбек. Бұл қаржыға 8 ауылдағы ішкі жолдар жөнделмек.

Ағзам Тастеміров – Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

-Тұрғын үй құрылысына да көп көңіл бөлінуде. 2020 жылы 14 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Үстіміздегі жылы бұл көрсеткіштен асып түсеміз деп ойлаймын. Сондай-ақ, былтыр ауданда “Еңбек” бағдарламасы бойынша жұмыс күші басым өңірлерден көшіп келген азаматтарға 59 үй салынды. Биыл қоныстанушы жандарға арнап 48 баспана тұрғызылмақ

Білім беру саласында да айтарлықтай оң өзгеріс байқалады. Соңғы 2 жылда аудан бойынша 17 білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліпті. Биыл 7 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілмек.

Дана Сәлімқызы – тілші:

– Есеп беру барысында Ағзам Тастеміров интернетпен қамту жайына да тоқталып кетті. Бүгінде Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты барлық 63 елді мекен заман игілігіне қол жеткізген. Алайда, 5-6 ауылда байланыс сапасы әлі нашар. Айтуынша, мәселе таяу арада шешімін табады.

 

 

 

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

“Үздік жас отбасы-2021” байқауы қорытындыланды
Инвестиция мен бизнесті қорғау
Биыл Мамлютка қаласында 6 шақырым жол жөнделеді
Мамлютка қаласында 30 пәтерлік үй салынып жатыр
Жыл басынан Петропавлда 10 көлік отқа оранған
Шектеу шаралары жеңілдетілді
Өңірде көктемгі дала жұмыстары аяқталды
Петропавлдық тұрғын үйіне қоқыс жинайды
Есіл ауданында биыл ауылішілік жолдар жөнделеді
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
М.Жұмабаев ауданында өрттен 1 адам қаза тапты
Жаңа жол белгісіне қатысты түсініктеме берілді