Спорт

Палуандардың қанжығасы майланды

Атап айтсақ, “Қызылжар арландары” кәсіби спорт клубының жауырыны жер иіскемеген палуаны Мұхит Тұрсынов 100 келіде топ жарды. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде Мейіржан Берекетов 2-ші орынға ие болды. Бозкілем шеберлерінің сайысында Дильназ Асылхан да жүлдегерлер қатарынан көрінді. 48 келіде сынға түскен бұрымды финалда сүрініп, күмісті қоржынға салды. Айта кету қажет, қазіргі таңда Мұхит Тұрсынов пен Мейіржан Берекетов Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарында жүр.

 

Алдияр Айтпаев