Биыл облыста 154 жас – “Алтын белгі”-ге үміткер. Қазіргі күні мектеп түлектері 4 пән бойынша сыннан өтіп жатыр. Бүгін алғашқы емтихан ұйымдастырылды. Ұл-қыздар қазақ тілі мен әдебиетінен эссе жазды. Арнайы талапқа сәйкес, оларға 5 еркін және 5 әдеби тақырып беріледі. Маусымның 10-ына дейін үлкен өмірге қанат қаққалы отырған түлектерді тағы үш сын күтіп тұр. Жасөспірімдер алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы мен орыс тілі пәндерінен емтихан тапсырады. Тесттің нәтижесі 2 сағаттың көлемінде дайын болады екен. «әл-Фараби» мектеп-лицейін биыл 27 оқушы тәмамдапты. Оның 1-уі – “Алтын белгі”-ге үміткер.
Күлімкөз Смаилова – «әл-Фараби» мектеп-лицейінің директоры:
– Бұрын “Алтын белгі” ҰБТ нәтижесі бойынша берілетін. Соңғы бірнеше жылда ол мемлекеттік емтиханның қорытындысы бойынша табысталады. “Алтын белгі”-ге үміткер оқушының орындаған жұмысын білім басқармасынан құрылған мемлекеттік комиссия тексереді. Біз оны сканерлеп жібереміз. Ал басқа балалардың жұмысын мектеп қабырғасында құрылған мемлекеттік комиссия тексереді.
Бердимурат Баймухан