МТРА жаңалықтары

20-ғасырдың басындағы нәубет жылдар

Жұртшылықты қан қақсатып, талай жанның өмірін жалмаған ашаршылықтың болғанына бірталай уақыт өтсе де тигізген залалы ұмытылмайды.

Трагедияға толы жылдардың алғашқысы 1917-19-шы жылдары орын алса, кейінгілері – 21-22, 1930-33-ші жылдары болды. Басты себептерін еске сала кетейік.

Қыста қардың, ал көктем мен жазда жауынның жаумауы қатты құрғақшылыққа әкеліп соқтырды. Салдарынан адам мен мал аштыққа ұшырап, қынадай қырылды. Нәубет жылдарға сол кездегі солақай саясаттың да тигізген ықпалы көп. Ұлы даладағы апат әлі күнге дейін зерттеліп жатыр.

Назерке Рамазанова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қызметкері:

– Еділ бойынан келген адамдар Қызылжар қаласындағы көшелерге сыймай қалған кездер де болған екен. Оларға бір мезгілде тамақ берудің өзі мүмкін болмай кеткен. Тамақтың болмауы осындай мәселелерге әкелгнен. 1921-жылы Орынборға жіберілген хатта: “Аштықтан қырылғакн адамдардың саныц күннен күнге өсіп барады. Петропавл және Атбасарда 30 мыңнан астам жан қырылған.

Алтынай Казиканова