Құқық қорғау органдары

СҚО-да ер адам көліктен құлап, мерт болды

Туыстарының сөзіне сүйенсек, машина жүріп бара жатқан кезде жолаушылар орнында отырған жанның қолындағы электронды темекі жерге түсіп кетеді. Көтеремін деп есікті аша бергенде өзі де құлайды. Осы сәтте рөлде марқұмның әйелі отырыпты. Зайыбы жарақаттанған жұбайын бірден орталық аудандық ауруханаға жеткізеді. Бірақ, дәрігерлер ер адамның өміріне араша бола алмады. Жан сақтау бөлімінде көз жұмған.

 

 

 

Бердимурат Баймухан