COVID-19: Қазақстан

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Өткен тәулікте коронавирус 39 адамнан анықталды. Оның 33-інен аурудың белгілері анық байқалады. Науқастардың басым бөлігі – петропавлдықтар. Облыс орталығында індетке 20 тұрғын шалдыққан. Айта кетейік, мамырдың 24-інен бері Солтүстік Қазақстан облысы – “сары” аймақта. Бүгін өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Мемлекеттік мекемелерде еңбек ететін қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Бұдан бөлек, қоғамдық тамақтану орындарының уақыты түнгі 12-ге дейін қысқартылады. Бильярд, боулинг, балаларға арналған жабық ойын алаңдары мен аттракциондардың, сондай-ақ, банкет залдары мен компьютерлік клубтардың қызметі уақытша тоқтатылады. Жексенбі күні сауналар мен қоғамдық моншалардың да жұмыс істеуіне тыйым салынады. Жаңа қаулы мамырдың 29-ы күшіне енеді.

 

 

 

Дана Ешкенова