Спорт

Солтүстікқазақстандық палуандар 2 бірдей жарысқа қатысып қайтты

Бауыржан Момышұлы атындағы додада өңір намысын 13 жасөспірім қорғаған болатын. Сайыс қорытындысы бойынша Досжан Сапарғали мен Әділет Мырзаш жеңіс тұғырының – 2-ші, ал Әлихан Еркінұлы 3-ші сатысына табан тіреді. Осы жетістіктерінің нәтижесінде солтүстікқазақстандық спортшылар жалпыкомандалық 3-ші орынға жайғасты. Жүлдегерлерге 150, 100 және 70 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Сонымен қатар, жуырда Орал қаласында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Мұнда 70 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз Айдын Қуанышев күміс медальға қол жеткізді.

Алтынай Казиканова