COVID-19: Қазақстан

СҚО-да соңғы тәулікте 42 адам коронавирус жұқтырып алды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 42 адам жұқтырып алды. 31 адамның бойынан аурудың белгілері анық байқалады.

Науқастардың басым бөлігі – петропавлдықтар. Облыс орталығында COVID-19-ға 17 тұрғын шалдыққан.
Сондай-ақ, өңірде 4 айдан бері иммундау шарасы жүріп жатыр. Бүгінге дейін “Спутник V” және “QazVac” екпесінің 1-ші компонентін 68 мың 581 теріскейлік салдыртқан. Ал 31 мың 898 жерлесіміз вакцина қабылдау курсын толық өтіпті.

 

Дана Ешкенова