МТРА жаңалықтары

СҚО-да көктемгі дала жұмыстары жалғасуда

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, тұқым сіңіруден Аққайың ауданы көш бастап тұр. Ауданда тиісті шаруаның 66 пайыздан астамы тындырылған. 2-ші орында – Есіл ауданы. Үздік үштікті 62,4 пайызбен Ғ.Мүсірепов ауданы тұйықтап тұр. Өңір бойынша жалпы 1 млн 671 мың гектар жерге дәнді дақыл себілген. Майлы өнімдер 655 мың гектарды қамтиды.

 

 

Дана Ешкенова