Ауа райы

Мамырдың 25-і сынап бағанасы +37-ге дейін жетеді

Шыжыған күннің көкесі ертең болмақ. Синоптик мамандардың болжамына сәйкес, сынап бағанасы 37 градусқа дейін көтеріледі. Соңғы рет мұндай аномалия солтүстікқазақстандықтарды 1980 жылдың 24-ші мамырында әбігерге салған екен. Ми қайнатар қапырық сәрсенбі-бейсенбі де сақталады. Осы ретте тұрғындарға қарапайым сақтық шараларын ескерген жөн. Яғни, көбірек су ішіп, ашық түсті, кең киім киген жөн және міндетті түрде бас киім туралы ұмытпау керек. Тікелей күн сәулесінен не көлеңкеде жүріп не қолшатыр ұстап қорғанған абзал.

Файруза Билалова – «Қазгидромет» РМК СҚОФ инженер-синоптигі:

– 26 мамырда облыс аумағы солтүстік-батыс циклонының жырасының ықпалында болады. Кей жерлерде – өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл. Ауа температурасы түнде 15-20, кей жерлерде 12, күндіз 31-36 градус жылы. 27 мамырда суық атмосфералық фронттың өтуіне байланысты облыс бойынша кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл болады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

 

 

Эльмира Садвокасова