Спорт

Қызылжарлық қос футболшы ұлттық құрамаға шақырту алды

Жергілікті ұжымның намысын қорғап жүрген Әлібек Қасым мен Нұрлан Даиров алдағы уақытта Қазақстан құрамасы сапында доп тебуі мүмкін. Қос қорғаушы ел құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфиновтың көзіне түскен сыңайлы. Білікті маман бүгін клуб басшылығына шақырту жолдапты. Айта кетейік, маусымның 4-і мен 7-сі аралығында ұлттық құрама Солтүстік Македония және Мальтамен күш сынаспақ.

Алдияр Айтпаев