COVID-19: Қазақстан

СҚО-да соңғы тәулікте тәжді вирус 23 адамның бойынан табылған

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 23 солтүстікқазақстандық жұқтырған. 14 адамның бойында аурудың анық белгілері байқалады. Қалғандары тәжді вирустың симптомсыз түріне шалдыққан.

Науқастардың көбі – петропавлдықтар. Облыс орталығында COVID-19-ды 8 адам жұқтырыпты. Тайынша және Есіл аудандарында 4 жағдайдан тіркелді. Уәлихановта 3 факті мәлім болып отыр. Ал, Айыртау, Қызылжар, М.Жұмабаев, Шал ақын аудандарында 1 жайттан анықталған. Бүгінде өңірте ПТР тестілеу жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Соңғы тәулікте оларда 720 зерттеу жасалған екен.

 

 

Дана Ешкенова