Kurultai banner mobile

Спорт

Кәсіпқой боксшы Евгений Павлов кезекті жеңісіне қол жеткізді

Спорт сүйер қауымға сүйінші жаңалық! Петропавлдық былғары қолғап шебері Евгений Павлов кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Жерлесіміз кәсіпқой бокстағы өзінің 4-ші кездесуін кеше Ресейдің Новосибирск қаласында өткізген болатын. Бұл жолы ол танзаниялық Насибу Рамадханимен жұдырық түйістірді. Кездесу 5-ші раундта аяқталды. Қазақстандық боксшы ұтымды сәттердің бірінде ауыр соққы бағыттап, тәжірибелі қарсыласын нокаутқа жіберді.

Алдияр Айтпаев