Спорт

Жергілікті “Qyzyljar” ФК қостанайлық “Tobyl”-ға есе жіберді

Бұл кездесудің 1-ші таймында есеп ашылмады. Аяқ доп шеберлері үзіліске тең нәтижемен тарасты. Ал, келесі 45 минуттықта қостанайлықтар шабуылдарына қарқын қосып, мақсаттарына жетті. 2-ші гол 2 мәрте белгіленген 11 метрлік нүктеден соғылды. Алғашқы пенальтиге қақпашы тойтарыс берді. Алайда, төреші Мирослав Лобанцев ойын ережесін бұзды деп санап, оған қызыл қағаз көрсетті және пенальтиді қайтадан тепкізді. Бұл жолы қостанайлық ойыншы мүлт кетпеді. Қызылжарлықтар жеңілсе де турнирлік кестедегі 5-ші орынды сақтап қалды. Қоржында 17 ұпай бар. Теріскейліктердің келесі қарсыласы – “Atyrau” құрамасы. Кездесу мамырдың 24-і күні Петропавлда өтеді.

Мирослав Лобанцев – “Qyzyljar” ФК қақпашысы:

– Бірінші кезекте жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Төреші не себепті маған қызыл қағаз көрсетіп, ойыннан қуғанын әлі түсінер емеспін. Мен пенальтиді қайтарған кезде қуанып, айқайлап жібердім. Бірақ, арбитрге қатысты ешнәрсе айтқан жоқпын.

 

 

 

 

 

Байболат Култанов