Құқық қорғау органдарыҚоғам

Тұрғындар жатақхана маңын қоқыс тастайтын орынға айналдырған

“Олар мұндай ұқыпсыздықты бір емес, бірнеше рет жасап отыр”,- дейді полицейлер. Сөздерінің жаны бар. Қала тазалығына бейжай қарамайтын жандар дәл осы мекен-жайдағы жағымсыз көріністі суретке түсіріп, әлеуметтік желіге бұған дейін де салған болатын. Бұл жолы тәртіп сақшылары жатақханада тұрып жатқан 5 адамның атына әкімшілік хаттама толтырды және оларға ауланы жинатты. Егер бұндай жағдай тағы бір рет қайталанса, айыппұл салынады.

 

 

 

Бердимурат Баймухан