Спорт

Жергілікті “Qyzyljar” ФК ақтаулық “Caspiy”-ді тізе бүктірді

Қарасай стадионында өткен матч 2 де 0 есебімен аяқталды. Бұл ойында алдымен Данило Алвес көзге түсті. Ол қонақтардың 4 бірдей қорғаушысы мен қақпашысын қапы қалдырып, жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді. 2-ші таймда Петропавл футбол мектебінің түлегі Тимур Мульдинов қанжығасын майлады. Шабуылшы айып алаңына асырылған допты қақпаға тура бағыттап, торда тулатты. Кезекті жеңістен кейін қызылжарлықтар турнирлік кестенің 5-ші сатысына тұрақтады. Қоржында 17 ұпай бар. Теріскейліктердің келесі қарсыласы – қостанайлық “Tobyl”. Кездесу мамырдың 19-ы күні сырт алаңда өтеді.

 

Байболат Култанов