Спорт

Евгений Павловтың шаршы алаңдағы келесі қарсыласы анықталды

Солтүстікқазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павловтың шаршы алаңдағы келесі қарсыласы анықталды. Ол 4-ші кездесуін танзаниялық Насибу Рамадханиге қарсы өткізбек.

Спортшылар мамырдың 20-сы күні Ресейдің Новосибирск қаласында қолғап түйістіреді. Кездесу 8 раундқа жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған Евгений Павлов өзінің соңғы жекпе-жегін 16-шы желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізген болатын. Онда жерлесіміз филипиндік жігітті төрешілер шешімімен жеңді.

 

Алдияр Айтпаев