МТРА жаңалықтарыҚоғам

Биыл Қазақстанда ұлттық санақ жүргізіледі

Науқанға дайындық маусым айында басталмақ. Бұл уақытта тұрғындардың мекен-жайы анықталады. Ал, қыркүйектен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 3-ші санақ жүргізіле бастайды. Ел билігі тарапынан 2 әдіс ұсынылып отыр. Біріншісі: адамдар қыркүйектің 1-і мен қазанның 15-і аралығында өздігінен sanaq.gov.kz сайтында кіріп, сауалнаманы онлайн түрде толтыра алады. Ол үшін тек төлқұжат керек. Екіншісі: қазанның 1-і мен 30-ы аралығында мамандар жаппай үй-үйді аралап, деректерді планшетке енгізбек. Санақ аяқталған соң еліміздегі соңғы 10 жылдағы демографиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер жайлы мәліметтер жария етілмек.

 

 

Маржан Касымбек