Спорт

“Qyzyljar” ФК түркістандық “Turan” командасына есе жіберді

“Qyzyljar” футбол клубы түркістандық “Turan” командасына есе жіберіп алды. Қос ұжым арасындағы кездесу мамырдың 9-ы күні сырт алаңда өтті.

Бұл ойынның негізгі бөлігі 0 де 0 есебімен аяқталды. Көпшілік 10-шы тур аясындағы матч тең аяқталады деп топшылаған болатын. Бірақ, төреші қосымша уақыт белгілеп, теріскейліктердің айып алаңында пенальти тағайындады. 11 метрден тұрандық ойыншы мүлт кетпей, құрамасына жеңіс сыйлады. Бұл кездесуден кейін “Qyzyljar” турнирлік кестеде 5-шіден 6-шы орынға сырғыды. Енді солтүстікқазақстандықтар ақтаулық “Caspiy”-мен кездеседі. Матч мамырдың 15-і күні Петропавлда өтеді.

 

Алдияр Айтпаев