Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін штаттық режимде жұмыс істеп келген мектептер 9 бен 11-ші сыныптың ұл-қыздары үшін соңғы қоңырауды ашық аспан астында өткізе алады. Және 300-ге дейін оқушысы бар білім ошақтарына да мерекелік шараны офлайн режимінде ұйымдастыруға болады. Ал қашықтан білім алып жатқандар үшін соңғы қоңырау онлайн түрде соғылмақ. Соңғы қоңырау кеші өткізілетін мектептерде барлық санитарлық талаптар қатаң түрде сақталуы тиіс. Сондай-ақ, салтанатты жиынға түлектің ата-анасының біреуі ғана қатыса алады.
Алтынай Казиканова