Денсаулық сақтау

Биыл 31 солтүстікқазақстандықты кене шаққан

Сәуір айының ортасынан бері 31 солтүстікқазақстандықты кене шаққан. Жартысына жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Абырой болғанда, тұрғындар арасында энцефалит ауруын жұқтырғандар тіркелмепті.

 

Кешеуілдетіп көктем келіп жетті. Күн жылып, күллі қар еріді. Енді шыбын-шіркей, масамен қоса, кенелер де оянатын шақ туды.

–  Флешка Мишада. Ол видео алып жатыр

– Биыл кене өте көп дейді. Өзім көрмедім.

– Я в деревне живу. Очень много клещей.

Зиянды жәндіктер өңірде сәуірдің 15-інен пайда бола бастаған. Бүгінге дейін 31 адамды шағып үлгерген екен. Оның жартысына жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Абырой болғанда, ешбірінен энцефалит дерті анықталған жоқ.

Меруерт Атамбаева – СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Энцефалитті иксод кенелері тасымалдайды. Десе де, иксодтың барлық түрі ауру таратпайды. Кейбірі вирусты жұқтырмаған болуы мүмкін.

Осы кезде заңды сұрақ туындайды? Энцефалит ауруы қаншалықты қауіпті?

Меруерт Атамбаева – СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлімінің басшысы:

– Кене энцефалиті дегеніміз бұл – жедел жүретін инфекциялық ауру. Орталық жүйке жүйесінен бастап, мүгедектік пен өлімге де әкелуі мүмкін.

Сол себепті, кене шақса бірден дәрігерге жүгіну керек. Қансорғыштың басын жұлып алуға болмайды. Оның инесі теріде қалып қойса түрлі аурулар пайда бола бастауы мүмкін. Сырқат тек 2 күннен соң белгі беретін көрінеді. Кенет қызу көтеріліп, бас айналып, жүрек айниды. Зиянды жәндіктен қорғанудың ең тиімді жолы – вакцина алу дейді мамандар. Екпе аңшылар мен балықшыларға, орман мен саяжайда еңбектенетін жандарға тегін салынады екен. Одан бөлек, облыстағы бірқатар орын кенеге қарсы зарарсыздандырылмақ.

Меруерт Атамбаева – СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы :

– Биыл Айыртау ауданындағы Имантау 180 гектар жер республикадан бөлінген қаражатқа алғашқы өңдеуден өтті. Ал облыстық бюджеттен 5 млн теңге қарастырылған. Ол ақшаға қаланың бірнеше аумағы өңдеуден өткізіледі.

Яғни, Петропавлда орталық, ескі және Жеңіс саябақтары, 19-шы және 20-шы шағын аудандары мен бірқатар мәдениет нысандарының аумағына кенеге қарсы дәрі шашылмақ.

Маржан Қасымбек