Мамыр айынан елімізде ковид-19-ға қарсы вакцинаның 3 түрі қолжетімді. Ол отандық “QazVac”, ресейлік “Спутник V” және Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылатын қытайлық “HayatVax”.
Бүгінде Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық азаматқа коронавирусқа қарсы екпе егілген. Бұл иммундау шарасынан өтуі тиіс адамдардың 15 пайызын құрайды. Өңір бойынша толық вакциналаудан 14 мың солтүстікқазақстандық өтті. Олардың барлығына ресейлік “Спутник V” препараты қойылды. Әзірге, тек 1-ші компонентті алған 27 мың теріскейлік қазір екінші кезеңін күтуде. Ал тәжді вирусты жұқтырғандардың санына келер болсақ, көрсеткіш төмендеуде. Соңғы тәулікте індетке ел бойынша 2076 адам шалдыққан. Олардың алтауы – солтүстікқазақстандықтар.
Эльмира Садвокасова