Нұх Пайғамбар сияқты / қазақты жойылудан аман алып қалды. Жазушы Мұхтар Әуезов / Абылай ханның тарихтағы рөлін осылай қысқа сипаттаған. Биыл // ұлы ханның дүниеге келгеніне 310 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай “Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара барысында ғалымдар, тарихшылар мен зерттеушілер / біртуар тұлғаға қатысты тың деректермен бөлісті.
Абылай хан туралы біздің заманымызға дейін жеткен деректер аз емес. Алайда, мағлұматтарды таба білу керек әрі түсіне білу қажет. Жазбалардың басым бөлігі – көне орыс тілінде. Қазір құнды ақпараттарды ұғынып, тәржімалаумен академик Зарқын Тайшыбай айналысуда. Бірнеше жылдық еңбегі 3 кітап ретінде басып шығарылды. Бүгінде тағы бір еңбек дайындалу үстінде. Архивтерден табылған деректерден профессор Абылайдың Қытай, Ресей Империясы және башқұрт, ауған, қырғыз халықтарымен арадағы байланысын зерттеп жатыр. Ізденіс барысында тың фактілер табылды. Мәселен, тарихта Абылай хан қырғыздарды басып алмақ болды деген ақпарат бар. Бірақ, іс жүзінде ұлы ханның ниеті мен ойы басқа еді.
Зарқын Тайшыбай – абылайтанушы, академик, М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры:
– Қырғыздардың жартысы Жоңғар хандығының, жартысы Қытайға кеткен. Өзіміздің қандас бауырларымыз тарап бара жатқандықтан, солардың басын қосып, қазаққа қосудың әңгімесі еді. Қарақалпақты да Қазақстанға қоспақ болған. Сонда тұтас Империя болар еді. Тіпті, жоңғарлар туралы да мен айтатын едім.
Яғни, тарихтағы «Абылай жорықтарының» мәнісі басқада. Ол қазақ жерін кеңейтуді емес, жойылып кетуге жақын қалған бауырлас ұлт өкілдеріне пана болуды мақсат тұтты. Себебі, біздің этностың да әлем бетінен жоғалып кету қаупі өте жоғары еді. 18-ғасырдың бірінші жартысында кең даламыз қанға боялды. Дала заңымен өмір сүрген жоңғарлар сол заңға бағынбай, еш ескертусіз қазақ еліне баса-көктеп кірді. Осылайша, бейбіт өмір сүріп жатқан мыңдаған адам қаза тапты.
Жақсыбай Самрат – жазушы-журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі:
– 17-ші ғасырды Абылай тарих сахнасына келді. Бізде естектер де шапқан, казактар да шапқан, Бұқар, Қоқан хандығы да жан-жақтан шапқан. Сол кезде Абылай хан үш жүздің басын қосып, ұйымдастырып, әскер жинап, барлық жауларды бірінен соң бірін жеңді.
Қысқасы, қазақ халқы үшін ең маңызды кезеңде Абылай хан ең маңызды іс атқарды. Ұлы басшының көреген саясаткерлігі мен гуманизмі жайлы конференция барысында мол ақпарат айтылды. Құнды деректермен Абылайдың ақ үйінде танысуға болады. Айта кетерлік маңызды жайт, облысты дамытудың кешенді жоспары аясында музей-кешенін республикалық деңгейге көтеру көзделіп отыр. Нысанға қомақты қаражат бөлініп, ауқымды жұмыс атқарылады. Алайда, ұлы ханның үйі бар қалада оның атында бірде-бір көше жоқ дейді шараға қатысқан қоғам қайраткерлері. Қазақ халқын жойылудан сақтап қалған, тарихта өшпес орын қалдырған Абылай ханның есімін әр қаладағы көше пен даңғылдарға беру қажет деген ұсыныс тасталды.
Эльмира Садвокасова