Облыста өндірілетін азық-түліктерді бақылауға алу қажет

Ауыл шаруашылығы

20:54 28 Сәуір 2021

Облыста өндірілетін азық-түліктерді толық бақылауға алу қажет. Бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында аграрлық секторды дамыту жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиында партия өкілдері ауыл шаруашылығы саласында атқарылуы тиіс шаруаларды талқылады. Мамандар аймақта шығарылатын өнімдерді қадағалау туралы ұсыныс білдірді.

 

Мамандар жиын басында партияның алға қойған жоспарларына бір шолу жасап шықты. Аграрлық салада ойып тұрып орын алатын, аймақтағы белді кәсіпкер Геннадий Зенченко сайлау қарсаңында халыққа берген уәделер орындалмай қалмауы қажет дейді. Және атқарылып жатқан шаруа ұдайы назарда болуы керек екенін жеткізді. Осы орайда кеңес төрағасы бірнеше ұсыныс білдірді.

Геннадий Зенченко – «Nur Otan» партиясы СҚОФ жанындағы өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы:

– Сайлауалды бағдарламамызда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 4,5 млн теңгеге дейін арттыру, аграрийлерге берілетін мемлекеттік қолдауды 55 млрд теңгеге дейін өсіру, сүт өндіру көлемін ұлғайту және 16 инвестжобаны жүзеге асыру жайлы нақты бағыттар белгіленген. Осы жөнінде нәтижелі жұмыс атқарып, тұрғындардың үмітін ақтауымыз қажет. Шаруаны қадағалау мақсатында жол картасының барлық басымдықтарына қатысты кеңес мүшелерін бекітіп, ай сайын мониторинг жүргізіп отыру керек.

Сондай-ақ, Геннадий Зенченко облысымызда өндіріліп жатқан азық-түлік өнімдерін түгел қадағалауға алу қажет екенін айтты. Себебі, дүкендердегі азық-түлік құны қымбат. Сатушылар тауарды жергілікті кәсіпкерлерден алмай, әдейі өзге жақтан жеткізетін көрінеді. Осылайша, үсті-үстіне бағаны қоса береді.

Геннадий Зенченко – «Nur Otan» партиясы СҚОФ жанындағы өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы:

– Облыста өндірілген азық-түліктерді бақылауға алып, соңғы кезеңінде дүкен сөрелдеріне қандай бағамен түсетінін көруіміз керек. Қазіргі күні тұрғындар мен азық-түлік өндіруші кәсіпкерлерден көп шағым түсіп жатыр. Өйткені, дүкен иелерінің көбісі жергілікті тауарларды сатқысы келмейді. Кейде дүкен сөрелерінен ет, шұжық және басқа да өнімдерді таба алмай қаламыз. Бұл мәселемен салық органдары да айналысуы қажет.

Осылайша, күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасы тұрақталады деп отыр қоғамдық кеңес өкілдері. Ұйым мүшелері келесі отырыста жайылым жерлеріне қатысты мәселені талқыламақшы. Кеңеске облыстық ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшылары шақыртылады.

Бердимурат Баймухан

 

Бұдан әрі оқыңыз

Тимирязев ауданында ірі қара құтыру ауруына шалдықты
Петропавл мен Сергеев су қоймаларына шабақ жіберіліп жатыр
Құс тұмауынан зардап шеккен кәсіпорындардың жұмысы жандануда
«Ростсельмаш» компаниясында агротехниканың 150 түрі шығарылады
Биылғы егіс науқаны жылдағы мерзіміне сай өткізіледі