COVID-19: Қазақстан

СҚО-да өткен тәулікте 34 адам коронавирус жұқтырып алған

СҚО-да өткен тәулікте 34 адам коронавирус жұқтырған. 21 кісінің бойында ауру белгілері анық байқалады. Қалғандары – симптомсыз.

Науқастардың саны бойынша әдеттегідей Петропавл қаласы – көш басында. Облыс орталығында 19 адам сырқаттанып қалған. Ал, Уәлиханов, М.Жұмабаев аудандарында 4 жағдайдан болса, Шал ақында 3 жайт тіркелген. Сондай-ақ, Жамбыл ауданында екі жерлесімізден вирус анықталған. Мамлют пен Тайыншада бір-бір жағдайдан тіркеліпті. Айта кетейік, пандемия басталғалы облыста 320 мыңнан астам ПТР сараптама тапсырған. Тест қорытындыларының 14 мыңға жуығы оң нәтиже көрсеткен.

Дана Ешкенова