Мәдениет

Петропавлда “Поэзиялық автобус” акциясы өтті

Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай Петропавлда “Поэзиялық автобус” атты акция өтті.

Атауы ерекше шараға С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері, Михаил Аверин атындағы жергілікті әдеби бірлестіктің мүшелері, студенттер мен өзге де мәдениет ұйымдарының өкілдері қатысты. Акцияға қатысушылар 4А бағытындағы автобусқа мініп, жолаушыларға қазақ, орыс, ағылшын және француз классиктерінің көпке танымал өлеңдерін оқып берді.

Елена Скакунова – С.Мұқанов атындағы кітапханасының кітапханашысы:

– Сондай-ақ, жолаушыларға ақындардың кітаптарын тараттық. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың тарихы мен жұмысы жайлы да баяндап бердік. Өнер майталмандары ақындардың өлеңдерін оқыған кезде тұрғындардың жүздері жайнап, көңіл күйлері көтеріліп қалды. Кей жандар туындыларды бізге қосыла орындады.

Маржан Касымбек