СҚО-да өткен тәулікте 41 адам коронавирус жұқтырды. Оның 23-інің бойынан ауру белгілері анық байқалады.
Науқастардың саны бойынша Петропавл қаласы көш басында тұр. Облыс орталығында 9 адам сырқаттанып қалған. Соңғы 7 күннің ішінде өңірде коронавирусты жұқтыру жайттары 4 пайызға төмендеген екен. Қазір “жасыл” аймақтамыз. Осыған байланысты облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
Әсет Жұматаев – СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
– Жаңа қаулыға сәйкес діни нысандарға 30 пайыз толымдылықпен жұмыс істеуге рұқсат берілді. Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың да есігі ашық, бірақ түрлі іс-шаралар өткізбеулері қажет. Сондай-ақ, жексенбі күні қоғамдық моншалардың да қызметіне рұқсат етіледі. Жаңа қаулы сәуірдің 25-інен күшіне енеді.
Эльмира Садвокасова