Суда жүзушілер өңір қоржынын қоламен толтырды

Спорт

20:24 22 Сәуір 2021

5 қола. Солтүстікқазақстандық суда жүзушілер өңір қоржынын қола медальмен майлады. Теріскейлік спортшылар / Ақтөбе қаласында өткен 5-ші жастар ойындары мен ел чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Жастар ойындарына 19 жерлесіміз қатысса, біріншілікте оның 9-ы бақ сынапты.

 

Төгілген тер мен бапкер сенімі ақталды. Мирослава Пригоженконың жарыста көрсеткен нәтижесіне көңілі толады. Осы жарыстың арқасында бойжеткен спорт шебері нормативін орындапты. “Небәрі 16 жасымда өңір намысын республикалық бәйгеде қорғау – мен үшін үлкен мақтаныш”, – дейді Мирослава.

Мирослава Пригоженко, жарысқа қатысушы:

– 100 және 50 метр еркін жүзу стилінде сынға түстім. Соңғысында жақсы өнер көрсетіп, қоланы қанжығама байладым. Сонымен қатар, жеке рекортымды да жақсарттым. Алдағы уақытта алтын медаль үшін аянбай жаттығамын.

Ақтөбе қаласында спортшылар 22 күн болды. Осы уақыт аралығында жерлестеріміз екі бірдей ірі жарысқа қатысып үлгеріпті. Біріншісінде, яғни сәуірдің 2-сі мен 5-і аралығында өткен жастар ойындарында бассейннің су жолақтарында 19 теріскейлік өнер көрсетті. Спортшылар 4 қола медальға қол жеткізген. Ал 13-і мен 17-сі аралығында өткен ел біріншілігіне 9 ұл мен қыз қатысыпты. Нәтиже: 1 қола медаль.

Александр Савельев – СҚО бойынша суда жүзуден аға жаттықтырушы:

– Шәкірттерім жарады. Барлығы дерлік өздерінің жетістіктерін, жеке рекордтарын жақсартты. Бұл карантиннен кейін алғашқы жарыс болған соң бастамасын жақсы дер едім.

Енді өңір намысын абыроймен қорғаған спортшылар бір-екі күн тынығып, содан соң жаттығуларын жалғастырады. Алда оларды шілде айында өтетін ел біріншілігі күтіп тұр.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

“Qyzyljar” ФК маусымдағы алғашқы жеңіліске ұшырады
Палуандар республикалық турнирде жүлде еншіледі
Азия чемпионы Айдос Сұлтанғали шеберлік сағатын өткізді
Петропавлдық бишілер ел чемпионатында сәтті өнер көрсетті
Теріскейлік боксшы Рахат Қажымұратов халықаралық турнирде топ жарды
“Qyzyljar” ФК турнирлік кестенің 6-шы сатысына көтерілді
Ел біріншілігінің қола жүлдегерлері Петропавлға оралды
Нұрқожа Қайпановқа жерлестері құрмет көрсетті
Жергілікті спорттық би шеберлері 20 жүлде еншіледі
Облыс әкімі 2 дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпановты жеңісімен құттықтады
“Qyzyljar” ФК түркістандық “Turan” командасына есе жіберді
Петропавлда көркем гимнастикадан облыс чемпионаты бастау алды