Шамадан тыс жүк артқан көлік иелеріне қатысты 17 хаттама толтырылған

МТРА жаңалықтары

21:41 22 Сәуір 2021

Жүк тасымалына қатысты шектеу. Қазір / облыс аумағында республикалық маңыздағы жолдарда / ірі көліктердің бір дөңгелегіне түсетін салмақ 8 тоннадан аспауы қажет. Жыл сайын / белгілі бір мерзімге қабылданатын тыйымды бұзған жағдайда / 116 мыңнан бастап 3 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

 

Бұл – “Оңтүстік” бақылау бекеті. Темір тұлпарлар ағыл-тегіл қатынап жатыр. Көліктік бақылау инспекциясының мамандары таразыны арнайы осы жерге орнатқан. Басты мақсат – ауыр жүк тиеген машиналардың салмағын өлшеу, белгілі бір нормадан асырғандарды жауапкершілікке тарту.

Виталий Морозов – СҚО бойынша көліктік бақылау испекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

– Жүк таситын көлік жүргізушілері қозғалыс кезінде заңмен бекітілген ережелерді ескерулері тиіс. Бұған дейін бір дөңгелекке 10 тоннаға дейін салмақ түсіруге болатын. Ал қазіргі уақыттағы норма 8 тоннадан аспауы қажет. Наурыздың 23-і күні күшіне енген талаптың мерзімі мамырдың 1-іне дейін жалғасады.

Өйткені, дәл осы уақыт аралығында жол жабындысы еріген қар суының әсер етуімен жұмсарады екен. Сонда үстінен тым ауыр техника өтсе, қашан төселгеніне қарамастан асфальттың тұтастығы бұзылып, үгіліп қалады дейді мамандар. Дегенмен, мұндай шектеудің халықаралық тасымалмен айналысатын, азық-түлік пен дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек тиелген темір тұлпарларға қатысы жоқ.

Бұл көлікті – Николай Кузьменков тізгіндеген. Ол Павлодар облысындағы шаруашылықтарының бірінде еңбек етеді. Қожалық алдағы егіс науқанына қызу дайындалуда. Темір тұлпар тізгіндеген жан біздің аймаққа әріптестерімен бірге тұқым алып кету үшін келіпті.

Николай Кузьменков:


–  Тексерістен өттік. Жүк салмағы да, құжаттар да дұрыс. Жолға шықпас бұрын барлығын тексеріп аламын. Себебі, заң қатал, салынатын айыппұлдың көлемі де аз емес.

Егер жүктің салмағы рұқсат етілген нормадан асып кетсе, онда көлік иесіне қомақты айыппұл салынады. Дәлірек айтсақ, 116 мың теңгеден бастап 3 млн-ға дейін. Көлік инспекциясының мамандары инертті материал тасымалдайтын машиналарды ерекше бақылауда ұстайды. Әдетте, оларға құм мен қиыршық тас шамасынан асыра тиелетін көрінеді.

Виталий Морозов – СҚО бойынша көліктік бақылау испекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

– Жолдағы тексеріс прокуратурамен, жергілікті полиция қызметімен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізіледі. Наурыздың 23-інен бері жүкті шамадан тыс артқан азаматтарға қатысты 17 хаттама толтырылды. Салынған айыппұл көлемі 3 миллион теңгені құрайды.

Ал жалпы, жыл басынан бері жолда тиісті талапты бұзған тұлғаларға қатысты 287 әкімшілік іс қозғалып, 14 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Соның ішінде 36 іс жүк тасымалдау тәртібін бұзған көлік иелеріне қатысты.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Әскери-техникалық мектеп сарбаздары ант қабылдады
Жастар ардагерлердің өсиеттерін тыңдады
Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына арналған челлендж
Ұлы Жеңіске – 76 жыл
Полиция департаментіне заңсыз сақталған 23 қару тапсырылды
Ел Президенті бюджет кірістері мен шығыстарын реттеуді тапсырды
Халықаралық байқаудың жүлдегерлері марапатталды
Жергілікті университет студенттері ҰОС ескерткіштерінің аумағын қоқыстан тазартуда
Қасиетті Рамазан айы 13-ші сәуірде бастау алады
Жуырда көктемгі аңшылық маусымы басталады
Көшбасшы партияға қарасты қоғамдық кеңестер құрылды
Қала көшелеріне биыл алғаш рет көпжылдық гүлдер егіледі