Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды

Спорт

11:08 20 Сәуір 2021

Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық! Солтүстікқазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды. Жерлесіміз Алматы қаласында өткен сары құрлық біріншілігінде 3 бірдей қарсыласын жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл жеңістің арқасында палуанның Токио Олимпиадасына бару мүмкіндігі арта түсті.

 

74 келі салмақ дәрежесінде белдескен спортшы Қырғызстан, Монғолия елінің палуандарын тізе бүктіріп, финалда ирандық Мұстафа Хосейнханимен күш сынасты. Палуанымыз бірінші кезеңде қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді. Ал екінші кезеңде 6 бірдей ұпай еншілеп, бәсекелесінен басым түсті. Осылайша, екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Нұрқожа Қайпанов – еркін күрестен Азияның екі дүркін чемпионы:


–  Бүгін өте қиын күрес болды. Мұның алдында 1 апта бұрын ауырып қалған едім. Жарысқа жақсы дайындықпен келдім. Ирандық палуан өте тәжірибелі спортшы екен. Күресу оңай болған жоқ.

Нұрқожаны облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің фейсбук және инстаграм парақшасында құттықтады. Аймақ басшысы чемпионға сәттілік тілеп, оның ел намысын алдағы Токио Олимпиадасында қорғайтын мүмкіндігі бар екенін айтты.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Тарихта бірінші рет солтүстікқазақстандық балуан Азия біріншілігін екі рет жеңіп алды. Осылайша, ол азиядағы ең мықты балуан мәртебесін растады. Нұрқожаның Токио Олимпиадасына баруға тамаша мүмкіндігі бар. Оған спорттық жетістіктер тілейік!

Еске сала кетейік, Нұрқожа 2019 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында 70 келі салмақ дәрежесінде белдесіп жүзден жүйрік атанды. Былтыр маусым айынан бастап ол олимпиадалық салмаққа ауысты.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда көркем гимнастикадан облыс чемпионаты бастау алды
Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан облыс чемпионаты өтуде
Петропавлда “Қазақстан барысы” турнирінің қалалық кезеңі өтті
“Qyzyljar” ФК алматылық “Kairat”-пен тең түсті
“Qyzyljar” ФК турнирлік кестенің 6-шы сатысына көтерілді
Теріскейлік боксшы Рахат Қажымұратов халықаралық турнирде топ жарды
Ел біріншілігінің қола жүлдегерлері Петропавлға оралды
Облыс әкімі 2 дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпановты жеңісімен құттықтады
Азия чемпионы Айдос Сұлтанғали шеберлік сағатын өткізді
Муай-тайдан өткен жарыста теріскейліктер 6 медаль еншіледі
“ESIL-SK” ВК ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды
Петропавлдық бишілер ел чемпионатында сәтті өнер көрсетті