Жүлдегерлерге құрмет көрсетілді

Спорт

21:04 19 Сәуір 2021

Жүлдегерлерге құрмет көрсетілді! Қазақстан чемпионатында қола медаль еншілеген “Есіл-СК” волейбол клубын / облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан / орынбасары Ғани Нығыметов құттықтады. Еске сала кетейік, жергілікті ұжым биылғы біріншілікте тарихи жетістікке жетіп, ел мерейін асырған болатын.

– Біріншіден, сәлемдемемді облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан алып келіп отырмын. Сіздерге үлкен рахмет! Өңіріміздің деңгейін көтердіңіздер.

Өңір намысын абыроймен қорғаған құраманың ақтың кезеңдегі алғашқы қарсыласы алматылық «Буревестник» командасы болды. Өкінішке қарай, жергілікті жігіттер 2 ойында да жеңілістің кермек дәмін татты. Осылайша, көпшілік көптен күткен чемпиондық атаққа емес, 3-4-ші орынға таласу мүмкіндігін иеленді.

Әділ Макенов – «Есіл-СК» ВК ойыншысы:

– Осымен тоқтап қалмай, Атырау қаласының ойыншыларымен кездесу өткіздік. Бірінші ойында 2:3 есебімен жеңіліп қалдық. Келесі ойында 3-2 есебімен ұттық. Үшінші ойын бізде өте ауыр болды. 3 сағат ойнадық. Осылайша, қолаға қол жеткіздік.

Сергей Костив – «Есіл-СК» ВК капитаны:

– Пацаны, вы лучшие. Спасибо вам большое.

Еңбектің наны тәтті. Солтүстікқазақстандық құрама бұл нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай тер төкті. Тіпті, жеңіс туы жеткізбейтіндей болып көрінген кезде де жігіттер еңселерін төмен түсірген жоқ, соңына дейін күресті.

Алексей Теренин – «Есіл-СК» ВК бас жаттықтырушысы:

– Чемпионатқа небәрі 1 ай қалған кезде құрамадағы ойыншылар басқа командаға ауысып кетті. Мәселен, үздік спортшыларымыздың бірі Кирилл Красневский Түркияда өнер көрсетуге аттанды. Артынан Ресей елінен қос волейболшы келді. Денис Горбачев пен Егор Тарасов бірден өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Одан соң дайындық жұмыстарын күшейттік. Чемпионат алдындағы қызу әзірлік, біріншіліктегі тартысты ойындар. Мұның бәрінен ойыншылар аздап шаршап қалды. Бірақ, соған қарамастан біріншіліктің қола жүлдегері атандық.

Спортшылар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қазір олар келесі жарыстарға күш жинап жатыр. Алдағы уақытта жаттығуларын қайта бастайды. Солтүстікқазақстандықтардың ендігі арманы – алтынға қол жеткізу.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Облыс әкімі 2 дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпановты жеңісімен құттықтады
Петропавлдық бишілер ел чемпионатында сәтті өнер көрсетті
Петропавлда көркем гимнастикадан облыс чемпионаты бастау алды
“Qyzyljar” ФК елордалық “Astana”-ға есе жіберді
“Qyzyljar” ФК турнирлік кестенің 6-шы сатысына көтерілді
Нұрқожа Қайпановқа жерлестері құрмет көрсетті
“Qyzyljar” ФК түркістандық “Turan” командасына есе жіберді
Теріскейлік боксшы Рахат Қажымұратов халықаралық турнирде топ жарды
Палуандар республикалық турнирде жүлде еншіледі
Жергілікті спорттық би шеберлері 20 жүлде еншіледі
“Qyzyljar” ФК маусымдағы алғашқы жеңіліске ұшырады
Суда жүзушілер өңір қоржынын қоламен толтырды