Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру сапасын арттыру

Білім

21:17 14 Сәуір 2021

Елімізде осыдан 2 жыл бұрын 18 жасқа дейінгі кембағал жандардың саны 87 мың болыпты. Соңғы жылдары мүгедек жастардың қатары 20 пайызға ұлғайған. Солтүстік Қазақстан облысында 4 мыңға жуық жарымжан бар. Жиын барысында жергілікті ұстаздар зияткерлік дамуы бұзылған балаларға білім берудің сапасы жайлы сөз қозғады. Мамандардың айтуынша, балғындарға қолдау қаншалықты ерте көрсетілсе, қоғамға бейімделіп, толыққанды өмір сүру мүмкіндіктері де соншалықты артады екен. Сондықтан, соңғы 5 жылда бұл мәселе мықтап қолға алынуда. Елімізде «Жүрек жылуы» және «Асыл мирас» сынды қос жоба жүзеге асырылды. Осылай деп аталған орталықтарда аутизмге шалдыққан, тірек-қимыл жүйесі, сөйлеу қабілеті бұзылған жеткіншіктерге сабақтар беріледі. Мұндай орталықтар Петропавлда да жұмыс істеп тұр.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Өңірде 5 инклюзиялық қолдау кабинеті жұмыс істейді. Тағы 16 түзету кабинеті бар. Әрбір мүмкіндігі шектеулі бала өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Тіпті, жаңа туылған сәби мен оның анасына арналған курстар ұйымдастырылып тұрады. Ал жоғарғы оқу орындарындағы материалдық-техникалық база жыл сайын жаңартылады.

Светлана Исмагулова – Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА аға ғылыми қызметкері:

– Былтыр елімізде білім беру мен ғылымды дамытудың 5 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Оған сәйкес, кембағал жандар үшін оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беретін педагогтар жиі тап болатын мәселелерді де назардан тыс қалдырмау керек.

 

 

Маржан Касымбек

 

Бұдан әрі оқыңыз

М.Айтхожин атындағы №1 орта мектеп 2 апталық карантинге жабылды
Бірлік – көптүрлілікте
Биыл ҰБТ электронды форматта өтеді
“Мың бала” ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі бастау алды
Шағын жинақты мектептердегі кадр мәселесі талқыланды
Педагогикалық ККО-ның міндеті
Петропавлдық оқушылар “Зерде” республикалық байқауында жүлдегер атанды
Жергілікті университеттегі жаңашылдықтар
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-де сертификатталған оқыту орталығы ашылды
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың соңғы кезеңі өтуде