Спорт

Жергілікті спорттық би шеберлері 20 жүлде еншіледі

Спорттық би шеберлері де Петропавлға жүлдемен оралды! Жергілікті өнерпаздар Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларында ұйымдастырылған ел біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеді.

Солтүстікқазақстандықтар қос дүбірлі додада түрлі дәрежедегі 20 медаль еншіледі. Жүлделердің 7-еуі – алтын, 7-еуі – күміс және 3-еуі – қола.
Жастарды жарысқа Юлия Ширина, Юрий Мирошниченко мен Кирилл Новиков сынды жаттықтырушылар дайындаған. Жерлестерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

Маржан Касымбек