БЖЗҚ-дан шекті соманы мыңнан аса солтүстікқазақстандық шешіп алды

МТРА жаңалықтары

21:15 13 Сәуір 2021

11 мың солтүстікқазақстандықтың / зейнетақы қорындағы шекті соманы шешіп алып, мақсатты түрде жұмсауына болады. Олардың шоттарында / жалпы көлемде 20 млрд теңге бар. Әзірге, таптырмас мүмкіндікті тек мыңнан аса жерлесіміз пайдаланыпты. Тұрғындардың барлығы дерлік / баспана жағдайын жақсартуға арналған бағыттарды таңдаған. Яғни, үй несиесін төлеген немесе қаражатты бастапқы жарна ретінде қолданып, ипотека рәсімдеген.

Еnpf-otbasy.kz. Бұл – 2 айдан бері қазақстандықтар арасындағы сұранысы жоғары сайттардың бірі. Себебі, онлайн портал арқылы зейнетақы қорындағы шекті соманы шешіп, өз мақсатыңа жұмсауға болады.

Назерке Ғалым – “Отбасы Банк” АҚ СҚОФ бизнесті дамыту бөлімінің маманы:

– Біріншіден, ЖССБ24 мобильдік қосымшасына кіріп, шот ашу керек. Ол да онлайн түрде жасалады. Кейін электронды-цифрлы қолтаңба арқылы enpf-otbasy.kz платформасына кіріп, өзіне қажетті соманы сұрайды.

Азамат онлайн платформадан өтініштің қандай деңгейде қаралып жатқанын да көре алады. Ал жауап 5 күн ішінде келеді. Егер салымшының өтініші мақұлданса, шотына дереу ақша аударылады. Оны мақсатты түрде жұмсауға 45 күн беріледі екен. Қаражатты пәтер сатып алу, баспана несиесін өтеу немесе жер үй салу сынды бірнеше бағытта пайдалануға болады. Сондай-ақ, қаржыны бастапқы жарна ретінде пайдаланып, ипотека рәсімдеу мүмкіндігі бар. Бірақ, бұл жағдайда отандастар қол жеткізген үйлерін 5 жыл көлемінде сата алмайды.

Назерке Ғалым – “Отбасы Банк” АҚ СҚОФ бизнесті дамыту бөлімінің маманы:

– СҚО бойынша біздің банктен осы қызметті мыңнан астам адам пайдаланып үлгерді. Барлығы дерлік ипотекаларын жабуға қолданды. Тағы жинақтаушы зейнетақы қорынан артылған сомаға қолдарындағы ақшаны қосып, пәтер алғандар бар. Ал тұрғын үйді салуға бізге, әзірге, өтініш түскен жоқ.

Тұрғындар зейнетақы қорындағы шекті соманы тек өз мақсатында ғана емес, отбасының жақын мүшелеріне көмек ретінде де пайдалана алатындығын еске салайық. Азаматтар үшін артылған ақшаны ата-аналарына, күйеуі не әйеліне және балаларына беру мүмкіндігі де қарастырылған. Яғни, баспана салу, ипотеканы төлеу не пәтердің бастапқы жарнасына қаражат жетпей жатса, 2-3 шоттан да ақша алып, оны біріктіруге болады.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Жастар ардагерлердің өсиеттерін тыңдады
Әскери-техникалық мектеп сарбаздары ант қабылдады
Ұлы Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі
Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына арналған челлендж
Көпті толғандырған жер мәселесінің нүктесі қойылды
СҚО-да 2 мыңнан аса адам зейнетақы қорынан ақша шешіп алды
Петропавлда кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді
Жуырда көктемгі аңшылық маусымы басталады
Халықаралық байқаудың жүлдегерлері марапатталды
Биылдан бастап 500 қазақстандық ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді
Ел Президенті бюджет кірістері мен шығыстарын реттеуді тапсырды
Көшбасшы партияға қарасты қоғамдық кеңестер құрылды