МТРА жаңалықтарыАптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО тағы да «сары» аймақта

Мамандар: «Қазір өңірдегі эпидахуал тұрақты емес»,- дейді. Өйткені, соңғы аптада коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 1,3 есеге өскен. Ауру белгілері індет жұқтырғандардың 86%-ында байқалады. Сондай-ақ, сәуір айының басынан бастап инфекциялық стационарлардың жүктемесі 28%-дан 36-ға дейін өскен. Қазір онда 194 солтүстікқазақстандық емделіп жатыр. Ал өткен тәулікте облыста тәж вирусын 49 адам жұқтырып алған. Оның 39-да ауру белгілері анық білінеді. Қалғаны симптомсыз түріне шалдыққан. Науқастардың басым бөлігі, яғни 22-сі – петропавлдықтар. Ал Тайынша ауданында коронавирус 10 адамның бойынан табылса, Мағжан Жұмабаев ауданында 6 адам сыртқаттанған. Осыған байланысты 12-ші сәуірде облыс аумағында шектеу шаралары күшейтілетін болады.

Арман Күшбасов – СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Алдағы уақытта өңірде шектеу шаралары күшейтіледі. Атап айтсақ, енді спорттық шаралар көрермендерсіз өтетін болады. Және мектепке дейінгі ұйымдарда 25 баладан аспайтын кезекші топтардың ғана жұмысына рұқсат етіледі. Сонымен қатар, театр, кинотеатр және концерт залдарының сыйымдылығын орын санына байланысты 20%-дан асыруға тыйым салынады.

 

Алтынай Казиканова