Тексеріс кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне тиесілі қосалқы үй-жайдан спирттік ішімдік құйылған 5 литрлік ыдыстың бақандай 226 данасы табылған. Сондай-ақ, тиісті құжаттары жоқ мыңнан астам сыра бөтелкесі мен 653 блок темекі тәркіленді. Пысықайларға айыппұл салынбақ. Бірақ, қазір оның көлемі белгісіз болып отыр. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз айналымнан 4 жарым мың литрден астам алкогольдік өнім тәркіленіп алынған.
Қанат Жұмабаев – Петропавл қалалық ПБ Бірінші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы:
– Анықталған өнімдер тиісті сараптама жасау үшін тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін кінәлі тұлғалар Әкімшілік кодекстің 463-ші және 282-баптары бойынша жауапкершілікке тартылатын болады.
Эльмира Садвокасова