МТРА жаңалықтары

Халықаралық байқаудың жүлдегерлері марапатталды

Бұл конкурс Петропавлда осымен 8 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстаннан бөлек, алыс-жақын шетелден 320 жоба жолданыпты. Соның 96-сын солтүстікқазақстандық мамандар жазған. Жерлестеріміз өз жұмыстарын ақпанның 27-сі мен сәуірдің 9-ы аралығында қазылар алқасына 5 аталым бойынша таныстырған. Еңбектердің бірінде педагогтар туған жер жайлы баяндаса, енді бірінде технология саласына тоқталыпты. Нәтижесінде 38 теріскейліктің бағы жанып, жүлдеге ілікті.

Гүлзат Әлжанова – “Өрлеу” БАҰО” АҚФ “СҚО ПҚ БАИ” филиалының аға оқытушысы:

– Байқау қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды. Халықаралық байқау болғаннан кейін, Ресей, Беларусь және Молдова Республикасының өкілдері қатысты.Бұл байқауға қатысу арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамытуға мүмкіндік бар.

Алдияр Айтпаев