Спорт

“ESIL-SK” ВК ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды

Қыздарымыздың жетістігін жігіттер қайталады! Солтүстікқазақстандық “ESIL-SK” волейбол клубы ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды. 3-ші орын үшін таласта жерлестеріміз “Atyrau” командасын тізе бүктірді. Ақтық матч 5 партияға созылды. Соңғы сын 15 те 13 есебімен аяқталып, теріскейліктер жеңіс тойын тойлады. Ала допты алақандарында ойнатқан жігіттерді жүлделерімен құттықтаймыз!

Эльмира Садвокасова