Петропавлда белбеу күресінен республикалық турнир бастау алды

Спорт

20:14 7 Сәуір 2021

Петропавлда белбеу күресінен 2006-2008 жылы туылған ұл-қыздар арасында республикалық турнир бастау алды. Жарыс облыстың құрметті азаматы, Қарулы күштердің генерал-лейтенанты Абай Тасболатовтың құрметіне орай ұйымдастырылып отыр. 2 күнге жалғасатын додада 200-ге жуық палуан сынға түспек.

 

Ғани Нығыметов – СҚО әкімінің орынбасары:

 

– Облыс әкімі Құмар Іргебайұлының атынан сіздерге киелі жерімізге қош келдіңіздер деймін. Кіл мықтыларыңыз жеңіп, осы спорттың алдағы уақытта дамуына үлестеріңізді қоса беріңіздер.

Азат Каримуллин – СҚО жауынгерлік өнер қауымдастығының төрағасы:

 

– Құрметті спортшылар, ұйымдастырушылар! Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын. 27 Спортшыларға толағай жеңістер тілеймін. Еліміз көркейіп, спортымыз дами берсін.

Петропавлда жалауын желбіреткен жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге тарта спортшы келіп отыр. Олар – 13-15 жастағы ұл-қыздар. Белбеу күресінің палуандары теріскей төрінде 16 салмақ дәрежесінде күш сынаспақ. Айта кету қажет, дүбірлі дода облысымыздың құрметті азаматы, Қарулы күштердің генерал-лейтенанты Абай Тасболатовтың құрметіне арналып отыр.

Абай Тасболатов – СҚО құрметті азаматы:

 

– Облысымызда бұндай ірі жарыс өткізіліп жатқанына қуаныштымын.  Бұл – енді ғана дамып келе жатқан спорттың түрі. Соған қарамастан еліміздің түкпір-түкпірінен көп жасөспірім осы спортқа қызығушылық танытып, айналысуда.

Ашылу салтанатынан кейін палуандар бәсекесі басталды. Бозкілемге Жамбыл мен Түркістан облыстарының жасөспірімдері шықты. 38 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан ұлдар бір-бірлеріне оңайлықпен берілер емес. Алайда, кездесудің соңына таман жамбылдық жас көздегеніне жетті. Ол оңтайлы әдіс жасап, қарсыласын алып ұрды.

Жамбылбек Серікбай – жарысқа қатысушы, Жамбыл облысы:

– Жарысқа 38 салмақ дәрежесінде шықтым.  Бірінші кездесуде қарсыласым жамбасқа кірді, ал мен қарсы әдіс жасап, шиіріп лақтырдым.  Мұндағы әр спортшы сияқты жеңімпаз болып, өңірге жүлдеме оралуға тырысамын.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ертең анықталады. Олар медаль, мақтау қағаздарымен марапатталмақ.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Муай-тайдан өткен жарыста теріскейліктер 6 медаль еншіледі
“Қуаныш” ВК – ел біріншілігінің жүлдегері
Жерлесіміз Алексей Луценко халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінді
Теріскейлік боксшы Рахат Қажымұратов халықаралық турнирде топ жарды
Жергілікті “Bars” БК чемпионатты қорытындылады
“Qyzyljar” ФК елордалық “Astana”-ға есе жіберді
“ESIL-SK” ВК ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды
Каратешілер ел чемпионатынан оралды
“Барс” БК ел біріншілігінің жеңімпазы атанды
Шайбалы хоккейден облыс кубогі өз мәресіне жетті
Жергілікті спорттық би шеберлері 20 жүлде еншіледі
“Qyzyljar” ФК 3 ұпай еншіледі