СҚО-да мұғалімдерді вакциналау жалғасуда

Денсаулық сақтау

21:02 7 Сәуір 2021

Өңірде тәж вирусына қарсы вакциналау шарасы жалғасуда. Бүгінге дейін 7 мыңға жуық жерлесіміз “Спутник V” екпесінің бірінші компонентін қойдырыпты. Соның мыңнан астамы – педагогтар.

Ақпанның бірі күні елімізде қауіпті індетке қарсы жаппай вакциналау науқаны басталған болатын. Екпені алғашқылардың бірі болып медициналық қызметкерлер қойғызды. Көп ұзамай кезек ұстаздарға да келіп жетті. Ұлағатты жандардың арасында COVID-19-ға қарсы екпені салдырғандардың алғашқысы – Әлия Аблина. Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі вакцинаны 28-ші наурыз күні алыпты. Нәзікжанды бұл процедурадан кейін келесі күні бойында әлсіздік сезгенін айтады. Дегенмен, дене қызуы көтерілмеген.

Әлия Аблина – Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының әлеуметтік ұстазы:

– Менің ойымша, қазіргі таңда бұл вакцинаны міндетті түрде алу керек. Өйткені, біз балалармен ата-аналардың арасында жұмыс істейміз. Қазіргі пандемияның үдеп кетуіне байланысты вакцина – үлкен қарулы күш деп білемін. Ең алдымен, вакцинаны қоярдың алдында емханада тексерістен өттік. Дәрігерлер дене қызуым мен қан қысымымды өлшеді. Барлық керекті құжаттарды толтырдым.

Жалпы, ақ халаттылардың айтуынша, екпені әр адамның ағзасы әр түрлі қабылдап жатады. Мәселен, қаладағы Бірінші гимназияда еңбек ететін Әсемгүл Құрманғожина болса, вакцинадан кейін дене қызуы көтеріліп, жайсыздық сезінген. Бірақ, бұл ұзаққа созылмапты.

Әсемгүл Құрманғожина – Бірінші гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

– Осы ауруды жеңіп, пандемияны тоқтатудың бір-ақ дұрыс жолы бар. Ол – вакцинация. 3-ші сәуір күні әріптестеріммен №1 емханаға барып екпе алдық. Бұл – ресейлік екпе. «Гам-КОВИД-Вак1» деп аталады.
Осы екпені алғаннан кейін біз 30 минуттай дәрігерлердің бақылауында болдық.

Әсемгүл Құрманғожинадан бөлек, білім ошағындағы 20-дан астам ұстаз қауіпті індетке қарсы екпе алған. Ал жалпы облыс бойынша 1205 мұғалім вакцинаның бірінші компонентін қойдырыпты. 312-сі екіншісін де салдырған.

Алтынай Қазиқан

Бұдан әрі оқыңыз

Сәуірдің 16-сына дейін өңірге 18 мың доза вакцина жеткізіледі
СҚО-да 1 жарым мың адам вакцина қабылдау курсын толық өтті
Сәуірдің 2-сі – Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні
СҚО-да 10 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдыққан
Әлеуметтік-медициналық сараптама жүргізу жұмыстарына өзгерістер енгізілді
Елімізде вакцина сатып алу көлемі ұлғайды
СҚО-да соңғы тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырған
СҚО-да 2700 адам вакцинаны толық қойдырған
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
Сәуірде 2 млн-нан астам қазақстандық иммундау шарасынан өтеді
Коронавирустан айыққан қария ауруханаға сыйлық жасады
Санитарлық-эпидемиологиялық департамент пен денсаулық сақтау басқармасы тексерілді