Денсаулық сақтауCOVID-19: Қазақстан

СҚО-да соңғы тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырған

СҚО-да соңғы тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырған. Оның төртеуінен ауру белгілері анық байқалады.

Ақпан айынан бері аққайыңдар өлкесі – “жасыл” аймақта. Яғни, өлкедегі эпидахуал тұрақты. Соңғы екі аптада вирус жұқтыру деңгейі 36 пайызға төмендепті. Дегенмен, еліміздің өзге облыстарындағы жағдай көңіл көншітпейді. Сондықтан, жергілікті ақхалаттылар жерлестерімізді карантиндік талаптарды сақтап, қорғану құралдарын барынша қолдануға шақырады. Айта кетейік, қалалық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде 120 адамға шақталған төсек-орын бар. Онда қазір 60 адам емделіп жатыр.

Дидара Адырбекова – қалалық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі

 

– 60 адамның көбісі коронавирустың симптомды түрін жұқтырып алған. Дені – зейнет жасындағы жандар. Жансақтау бөлімінде 7 адам жатыр. Барлығы ИВЛ аппартына қосулы. Емдеу мекемесінде қажетті препараттардың жеткілікті көлемі бар. Медицина қызметкерлерінің тапшылығы сезілмейді. Коронавирус әлі де арамызда жүргенін ұмытпаған жөн. Босаңсуға болмайды. Қоғамдық жерлерде қорғаныс құралдарын қолданып жүріңіздер!.

Дана Ешкенова