МТРА жаңалықтары

СҚО-да лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді

Заңсыз жолмен пәтер үлестірген. Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді. Петропавл қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы пара алды деген күдікке ілікті. Яғни, ол
мемлекеттік бағдарлама аясында мұқтаж жандарға 5 жылға дейін тегін берілетін баспаналарды заңсыз үлестіріп келген. Сол әрекеті үшін адамдардан пара алып отырған.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Пара сомалары 550 мың теңгеден 800 мыңға дейін өзгеріп отырған. Қазіргі уақытта лауазымды тұлға мен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық істің санкциясы бойынша 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Немесе альтернативті шара түрінде соттың қарауымен айыппұл салынуы мүмкін.

Алтынай Казиканова