Құқық қорғау органдары

Полицейлер аумағындағы қарды тазаламаған жандарға ескерту жасады

Петропавлдық полицейлер аумағындағы қарды тазаламаған жандарға ескерту жасады. Қазіргі күні қалада қар үйінділері мен төбедегі сүңгілерді тазалау мәселесі ерекше өзектілікке ие.

Осы орайда тәртіп сақшылары күнделікті рейдке шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері олар 200-ге жуық кәсіпкерді ақпараттандырған. Сондай-ақ, бірқатар бизнес өкіліне, қарапайым тұрғындар мен пәтер иелері кооперативтеріне ескерту жасалып, бір іскер азаматқа аумағындағы қарды тазаламағаны үшін айыппұл салынған.

Алдияр Айтпаев