СҚО-да еліктер жол бойында жүр

МТРА жаңалықтары

21:12 30 Наурыз 2021

Бұл видео Рощинское мен Рублевка селолары арасындағы республикалық маңызы бар жолдың бойында түсірілген. Әдетте, адамды көрген кезде бірден қаша жөнелетін еліктер, бұл жолы қашпақ түгілі, орындарынан әзер тұруда. Тұрғындардың айтуынша бұған тұяқтылардың азық табуының қиындауы себеп болуы мүмкін.

Рамиль Усманов – қала тұрғыны:

– Ешқандай жабайы жануар адам жүретін жолды жағаламайды. Өйткені, қорқады. Бірақ, 2 аптадан бері еліктердің трассаға шығып кеткенін жиі байқайтын болдым. Кейбіреулері асфальтті тұяқтарымен қазуға тырысады. Азық таба алмай жүргендері анық.

Куәгер мұндай көріністі Бәйтерек және Бескөл ауылдарының маңынан да байқағанын айтады. Бұл мәселемен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жүгіндік. Мамандар өңірде тұяқтыларды қоректендіруге арналған 47 орыннның бар екенін мәлімдеді. Ол жерлерге күніне 2-3 рет азық жеткізіліп тұрады.

Андрей Красников – СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

 – Былтыр төртаяқтыларды қоректендіру үшін 2 мың жемдік сыпырғыш, 5 мың центнер шөп және 7 мың тонна жем әзірленген болатын. Сондай-ақ, 13 тонна тұз дайындалды. Ал еліктердің жолдың бойына шығып кетуінің себебін қардың көптігімен түсіндірер едім. Яғни, айнала оппа қар, тұяқтылар үшін жүруге ыңғайсыз.

Маржан Қасымбек – тілші:

– Расымен де қардың қалыңдығы соншалық жүру қиынның-қиыны. Сондықтан, еліктер жолға ұмтыла бастайды екен. Бірақ, мамандар онда жем мен шөп шашпайды. Себебі, бұған төртаяқтылар тез үйреніп алып, трассадан түспей қоюлары мүмкін. Ал бұның салдарынан апат орын алуы әбден ықтимал екені айтпасақ та белгілі.

Арнайы мамандар жолдарды жиі аралап, еліктерді алысқа айдап отырады. Орман маңын қазып, арнайы жол да салады. Жылдағы жоспар бойынша негізі тұяқтыларды қоректендіру маусымы наурыз айының соңында аяқталуы тиіс. Бірақ, биыл қар қалың жауғандықтан бұл іс әлі біраз уақыт жалғаспақ. Мамандардың айутынша, жалпы, облыс аумағында 2 мың қабан, 1600 марал мен 18 мың елік бар екен.

 

 

Маржан Касымбек

 

Бұдан әрі оқыңыз

2021 жылғы 03 шілдедегі “МТРА жаңалықтары” қорытынды ақпараттық бағдарламасы
ЕАЭО елдерімен сауда-саттық көлемі
Субсидиялау мәселесі сөз етілді
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды
ҚР ҰҰ Әскери институтын 24 жылда 4 мыңға жуық курсант тәмамдаған
СҚО-да жыл басынан бері 50-ден астам жалған жарнама анықталған
Бескөлде балық қырылып жатыр
Өңірде аптап ыстық апта бойы сақталады
Сайлауға 3 күн қалды
ЕАЭО аумағында тауар тасымалдау ережесі
Сайлау барысын 348 тәуелсіз бақылаушы қадағалайды
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға түзетулер енгізілді