Экология

Петропавлдықтар “Жер сағаты” акциясына қатысты

Жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде ұйымдастырылатын акция Петропавлда да қолдау тапты. Жергілікті уақыт бойынша кешкі 8 жарым мен 9 жарымның аралығында мемлекеттік мекемелерде, кейбір көшелер мене дүкендерде электр энергиясы сөндірілді. Бастамаға қарапайым тұрғындар да белсенді қатысты. Жарықты уақытша өшірудің нәтижесінде облыс орталығында 1 жарым мегаватт электр қуаты үнемделіпті. Акцияның басты мақсаты да осы. Яғни, халықты энергия мен өзге де ресурстарды үнемдеуге, табиғатқа қатысты өзекті мәселелерді бірлесе шешуге шақыру.

Азат Жұмағұл – СҚО эко-амбассадоры:

 – Петропавлда жарықты сөндіру Жұмысшы кентінен бастау алды. Кейін бұл шаруа Береке, Солнечный, Заречный, Былғары зауыты, 19-шы, 20-шы, Ойқала, Зайсан ықшам аудандарында жалғасын тапты. Акциядан Петропавл әкімдігі де тыс қалған жоқ. Іс-шараны “Қызылжар су” және “Радуга” серіктестіктері де қолдады.

 

 

Жанна Бисенова