СҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

ТЖД, Су тасқыны

21:22 29 Наурыз 2021

Аймақтағы су тасқыны жағдайын тұрақты деп бағалап отыр құтқарушы мамандар. Қыс аязды болғаннан соң өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығы шамамен 1 метрге дейін жеткен. Осы орайда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс көлемінде су тасқынының алдын алу шараларын бастады. Өткен аптада құтқарушылар Уәлиханов, Айыртау мен Ғабит Мүсірепов аудандарында болып, мұз жару жұмыстарын жүргізді. Күн жылынған шақта өзендегі су тоқтап, арнасынан асып кетпеу үшін бұл шаруа өте маңызды дейді. Бұдан бөлек, тасқын басу қаупі жоғары елді мекендерде қар тазалау мен жерді қарайту жұмыстары қызған.

Сәкен Ағзамов – СҚО ТЖД бөлім бастығы:

– Қазіргі күні өңірде су басу қаупі жоғары 79 елді мекен бар. Сол аумақтарда жерді қарайту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Яғни қарды топырақ көрінгенше дейін тазалаймыз. Осылайша күн жылып, тоң жібіген кезде еріген су жерге сіңіп кетеді. Ертең Тайынша ауданына барып, Шағалалы өзеніндегі мұзды жаруды жоспарлап отырмыз.

Биыл, теріскейге көктем жай келді. Жер қыртысы тек наурыз айының 25-сінен ғана жіпси бастаған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 21 күнге кеш дейді синоптиктер. Оның үстіне толассыз қар жауды. Осылайша қыстың көші ұзаққа созылып кетті. Қазірдің өзінде өңірдің кейбір жерлерінде жарты метрден асатын ақ ұлпа жатқан көрінеді.

Роман Гиричев – «Қазгидромет» РМК СҚОФ инженері:

– Биыл өңірде су тасқыны болу қаупі жоғары. Себебі, былтыр күн жылы болып, осы уақытта көп аумақтағы қар еріп кеткен еді. Мәселен, қазіргі күні Ақжар ауданындағы қардың қалыңдығы – 13 см, ал Қызылжар ауданында 54 см-ді құрап отыр. Яғни, жер қараятын кез әлі ерте.

Синоптиктердік болжауынша, сәуір айының алғашқы онкүндігінде ауа температурасы әжептәуір көтерілмек. Мәселен, түнде сынып бағанасы 0 мен -5 градусты көрсетсе, күндіз +3 пен +8-дің аралығында болады. Сондай-ақ, осы уақытта кіші өзендердегі су деңгейі көтеріледі деп күтіліп отыр. Бүгінде 86 пайызға толған Сергеевка су қоймасынан тірішілік көзі біртіндеп босатылып жатыр.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан

 

 

Бұдан әрі оқыңыз

Топырақтағы тоңның жібу барысы
СҚО ТЖД техника паркі тасқынға дайын
СҚО-дағы су тасқыны жағдайы
СҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Екі ауданға құтқарушылар мен арнайы техника жөнелтілді
Шал ақын ауданындағы 3 ауылды су басуы мүмкін
Ақмола облысынан судың алғашқы толқыны келе жатыр
Өзен-көлдердегі су деңгейі көтеріледі деп күтілуде
Петропавл су қоймасында су деңгейі көтеріліп келеді
«Тбилиси» мейрамханасының шатыры өртенді
Құтқарушылар өрт қаупі жоғары кезеңге дайындалуда
Петропавлда су сору жұмыстары жүріп жатыр