Спорт

“Қуаныш” ВК ел чемпионатын жүлдемен аяқтады

24-ші наурыз күні Павлодар қаласында ел біріншілігінің ақтық кезеңі басталған болатын. 8 команда бақ сынаған додада теріскейлік спортшылар сәтті өнер көрсетіп, қола медальға қол жеткізді. Соңғы ойында ала допты алақандарында ойнатқан аруларымыз алматылықтарды айқын басымдықпен тізе бүктірді. Айта кетейік, чемпионаттың жеңімпазы әлі белгісіз. Финалдық кездесу ертең өтеді. Онда талдықорғандық “Жетісу” мен шығысқазақстандық “Алтай” ұжымдары мықтыны анықтамақ.

 

Алдияр Айтпаев