Қазіргі күні АИ-92 маркалы сұйық отын бекеттерде орташа есеппен 166 теңгеден саудаланып жатыр. Яғни, жақында ғана жанармайға бекітілген сома 6 теңгеге артқан. Ал АИ-95-тің құны – 182, дизельдің бағасы 187 теңгені құрап отыр. Бұл өзгерісті сала өкілдері Атыраудағы мұнай өндіруші зауыт жұмысының уақытша тоқтап тұруымен байланыстыруда.
Фархат Ибраев – СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
– Өндіруші зауыт әзірге жұмыс істемегендіктен, жанармайды делдал кәсіпорындардан алуға мәжбүрміз. Тиісінше, сұйық отынды тасымалдау бағасы біршама қымбаттаған. Бензин құны алдағы уақытта өспейді деп болжап отырмыз.
Жанна Бисенова