Мәдениет

Облыстық қуыршақ театры 30 жылдығын атап өтті

Облыстық қуыршақ театры 30 жылдығын атап өтті. Бүгін өнер шаңырағында мерейтойлық іс-шара ұйымдастырылып, бірқатар маман “Мәдениет саласының үздігі” медалімен марапатталды. Мерейтойы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған театр 90-шы жылы құрылып, алғашқы қойылым 91-де ұсынылыпты. Бүгінге дейін 60-қа жуық спектакль сахналанып, актерлердің өнерін 1 млн-нан астам кішкентай көрермен тамашалаған. Ольга Алпатова – тәжірибелі актрисалардың бірі. Осында тер төгіп жүргеніне 20 жыл болған. 30-ға жуық қойылымға қатысыпты. Бүгін “Мәдениет саласының үздігі” медалін тағынған өнер иесі бұл марапат көпжылдық еңбегімнің еленгенін білдіреді дейді.

Ольга Алпатова – облыстық қуыршақ театрының актрисасы:

 

– Қуанышымда шек жоқ. Еңбегім жоғары деңгейде бағаланып жатыр. Дегенмен, өнер адамы үшін көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметінен асқан марапат жоқ. Кішкентай көрермендерімізді алдағы уақытта да тың дүниелермен қуанта бермекпіз. Қазір “Бақыт туралы аңыз” атты спектакль әзірлеп жатырмыз.

Алдияр Айтпаев