Құқық қорғау органдары

Аз қамтылған отбасыларға арналған техника қолды болды

Облыста аудандардың бірінде аз қамтылған отбасыларға арналған компьютерлердің қолды болғаны анықталды. Пандемия күшейген кезде мектептер қашықтыққа оқытуға көшулеріне байланысты шұғыл шығындарға арналған мемлекеттік резерв есебінен мұқтаж отбасылардың балаларына бірнеше ноутбук бағытталған болатын. Бірақ, сол техника белгіленген мекен-жайға жетпей қалса керек. Оны өңір аудандарының біріндегі білім бөлімінің қызметкерлері өздері иеленіп алған деген күдікке ілінді. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 12 млн теңгеден асады. Қазір бұл фактіге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Алтынай Казиканова